ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Түркістан жоғары медицина колледжінің кітапханасында «Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Аталмыш көрмеде Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны мен қызмет хроникасы: металлург, қоғам және партия жетекшісінен саяси көшбасшыға дейінгі жолы, сондай – ақ егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері, ішкі және халықаралық аренадағы экономикалық жәнe саяси жетістіктері, сіңірген еңбегі және Тәуелсіз елдің дамуына қосқан үлесі туралы мәліметтер қамтылған.
