ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА

1  924 көрілім

«Nur Otan» партиясы қалалық филиалында бекітілген кестеге сәйкес, осы аптада облыстық мәслихат депутаттары Шолпан Бегалиева мен Бекарыс Шойбеков қала тұрғындарының өтініштері бойынша қоғамдық қабылдауда олардың мәселелерін тыңдады. Қоғамдық қабылдауды қалалық партия филиалының консультанты Әнуарбек Исабеков жүргізіп отырды.

Қоғамдық қабылдауға келген үш азаматтың көтерген негізгі мәселелеріне тоқталсақ. Қала тұрғыны Маряш Сармурзаеваның денсаулығы жоқ, эпилепциямен тіркеуде, 2018 жылы екі рет отаға түскен, мүгедектікке шығуға көмек көрсетуін сұрады. Ал, Бекарыс Ақсақалұлына келген екі азамат Асыл Колхозов Қобыланды көшесіне автожол мен ағынды су құбырын салуды көтерсе, Мырзахан Байдәулетов тұрғын үйінің алдында балаларға арналған ойын алаңы жоқ, бүлдіршіндер жолдың бойында ойнап жүргендігін, Жарылқапов көшесінің бойында аллея бар, бірақ оған жолды қиып өтуге жаяу жүргіншілерге арналған жолақтың жоқтығын айтып, осы мәселелерді шешуге ықпал етуін сұрады. Аталған халық қалаулылары тұрғындардың көтерген мәселелері бойынша тиісті шешім қабылдап, орындалуына ықпал ететінін жеткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы