ТУРИСТІК ПОЛИЦИЯ – ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗІ

956 көрілім


Облыс орталығында 2019 жылдың көктемінде Туристік полиция – қызметін  бастаған болатын. Қазіргі таңда Туристік полиция штатында 5 полицей жұмыс істейді. 
Арнайы киім, қажетті техника, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген қызметкерлердің басты міндеті – туристердің қауіпсіздігін қорғау. Яғни, Рухани-мәдени орталықтағы туристік көлік жүруге арналған жол арқылы қызмет көрсетіп, жол сілтеп, коронавирус індетінен сақтану шараларынан да хабардар етуде. Аталған орталық – қала тұрғындары мен қонақтары көп келетін аумақ болып саналатындықтан қауіпсіздікті жандандыру басты мақсат болып табылады.
Аталған полиция қызметкерлері туристермен қарым-қатынас жасау үшін қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Олар қала қонақтары қауіпсіздігімен қатар, қаланың көрікті де тарихи жерлерін көрсетіп, қала тарихын дәріптеуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы