АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН ҰЙЫМ

261 көрілім

Жақында қалалық Ақсақалдар алқасы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен іс-шара өтті. Шараға қала әкімінің кеңесшісі Қ.Сарманов және бірлестік мүшелері қатысты. Жиында қоғамдық бірлестік төрағасы Жұмадулла Кішібаевты бүгінгі таңға дейін атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Сонымен қатар, бірлестік мүшелігіне Талғат Жайнақұлов пен Ғани Әбуов салтанатты түрде қабылданды. Шарада бір топ белсенді ақсақалдар естелік медалімен және қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» дегендей ақсақалдардың бастамасымен тұрмысы төмен, көпбалалы мұқтаж 30-дан астам отбасыларға азық-түлік үлестірілді.

 – Бүгінгі біздің ұйымдастырып отырған шарамыздың басты мақсаты аз қамтылған отбасыларға көмек беру және қаламыздың өркендеуіне өздерінің сүбелі үлесін қосып жүген азаматтарға үлкен алғысымызды білдіргіміз келді. Қаламыздың өркендеп түлеп, гүлденуіне қалалық ақсақалдар алқасы жемісті қызмет атқарып келеді. Қоғамға күш салып, қаланың өркендеуіне үлес қосамын деген ақсақалдарға әрқашан есігіміз ашық, – дейді аталған қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұмаділла Кішібаев.

 Айта кетерлігі, аталмыш бірлестіктің мұрындық болуымен қала аумағындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға бір жолғы жәрдем беру істері жиі өткізіліп келеді. Шаһардың гүлденуі жолында белсенділік танытып жүрген азаматтарда ақсақалдар алқасының  құрмет-қошеметіне ие болуда. Бұл ретте қоғамдық бірлестіктің шапағатына бөленіп жүрген жандардың  игі істің ұйытқысы болып жүрген ұйымға айтар алғыстары шексіз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары