ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА

1  178 көрілім

«Nur Otan» партиясы қалалық филиалында бекітілген кестеге сәйкес, осы аптада қалалық мәслихат депутаты Айгүл Тілепова қала тұрғындарының өтініштері бойынша қоғамдық қабылдауда олардың мәселелерін тыңдады. Қоғамдық қабылдауды қалалық партия филиалының консультанты Әнуарбек Исабеков жүргізіп отырды.

Қоғамдық қабылдауға келген үш азаматтың көтерген негізгі мәселелеріне тоқталсақ. Жалғыз басты аналар Ұлжалғас Баймұратова мен Динара Балхашова бұл азаматшалар пәтер жалдап тұрады, әлеуметтік көмекке мұқтаж, балаларына киім-кешек қажет екенін айтты. Ал, азаматша Гүлнара Самуратова да пәтер жалдап тұрады, үй кезегіне тұрмаған, себебі мемлекеттік санаттың ешқайсысына жатпайды. Бұл да балаларына киім-кешек, азық-түлікке көмек беруін сұрады. Депутат Айгүл Өтегенқызы тұрғындардың көтерген мәселелері бойынша тиісті шешім қабылдап, қабылдауға келген азаматтардың өтініштерінің орындалуына ықпал етті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы