Қасиетті Рамазан айында қала жастары жалғызбасты, көпбалалы анаға үй сыйлады. «Бекзат» мөлтек ауданының 1990 жылы туған жігіттері 6 баланың анасына жаңа үй соғып, сый ретінде тарту етті. Төрт бөлмелі үйдің іші барлық техникалармен жабдықталған. Жалпы, жалғызбасты ана бірнеше жылдан бері пәтер жалдап күнелтіп келген болатын. Рамазан айындағы сауапты іс бүтін бір отбасының шынайы қуанышқа кенелуіне үлес қосты. Айта кетерлігі, үйдің құрылыс жұмыстарын демеушілер мен жігіттер асарлатып, өздері жүргізген.
Жалпы, бұған дейін «Бекзат» мөлтек ауданының 1988 және 1989 жылы туған жігіттері биыл Әз Наурыз мерекесі қарсаңында екі отбасының баспаналы болуына себепші болған еді. Бұл дәстүрлі қайырымдылық эстафетасын 1991 жылы дүниеге келген жігіттер де келер жылы жалғастыруға ниетті.
