ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН!

1  994 көрілім

Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыстың аяқталғанына биыл 76 жыл толып отыр. Сол ардагерлердің Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін шайқастардағы теңдессіз ерліктері мен табандылықтары ғасырлар бойы жасай береді. Тылдағы әрбір күн соғысқа тең болды. Ардагерлер көрген зұлматты біз көрген жоқпыз. Бұл әлемнің көптеген елдері қатысқан бұрын соңды болмаған үлкен сұрапыл соғыс атанды. Осы майданда фащистердің ең ауыр соққысына төтеп беріп, Жеңістің негізін қалаған Кеңестер Одағы болды.

Сол Кеңестер Одағы әскерлерінің қатарында біздің қазақстандық жауынгерлері де ерлікпен шайқаса білді. Сол жылдары елімізден 1 миллион 366 мың жауынгер майданға аттанды. Соның ішінде Панфилов дивизиясы, Бауыржан Момышұлының бастауымен Мәскеуді азат етуде айрықша ерлігімен көзге түсті. Фащизмнің ордасы болған Берлиндегі Рейхстагқа ту тіккендердің бірі Рахымжан Қошқарбаев. Сол сияқты еліміздің қаншама ұл-қыздары батырлығымен көзге түсе білді. Жерлестеріміз Кеңес одағының Батыры деген жоғарғы атаққа лайық деп танылды. Сонымен қатар, тыл еңбеккерлерінің Жеңіске қосқан үлесін айрықша атап өтуіміз қажет. Себебі, соғысқа дайындалған 10 оқтың 7-уін біздің қазақстандықтар жөнелтіп отырды.

Жеңiс үшiн қанша адам отбасын тастап, соғысқа аттан­ды. Бойларын рух пен намыс кернеген абзал аза­маттар ел басына күн туған, ауыр кезде от пен оқтың орта­сында жүрiп, Отан үшiн отқа түстi. Қанша азап тартса да, келер күннен үмiт үзбей, жеңiске, азаттыққа ұм­тыл­ды. Келер ұрпақ мұндай зобалаңды көрмесін деп тілейік. Осы орайда, Түркістан облысының тұрғындарына Ұлы Жеңіс күні құтты болсын, деген тілегімізді арнаймыз.Бейбіт еліміздің ғұмыры баянды болсын!

Жарылқасын ӘЗІРЕТБЕРГЕНОВ,

Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы