ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ХАЛЫҚ ТАТУЛЫҒЫНА АРНАЛДЫ

800 көрілім

Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының «Ортақ отанымыз – Қазақстан» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Басқосуға клуб мүшелері мен блогерлер қатысты.

Жиынды Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Ерсұлтан Әмірбек ашып, жүргізіп отырды.

ҚР Журналистер одағының мүшесі Бекжігіт Сердәлі «Этникалық мәселелерді жария ету этикасы туралы» тақырыбында баяндама жасап, этнос өкілдеріне қатысты ақпарат таратуда кодекстер мен заңнамаларға сүйену керектігін айтып, бірқатар ұсыныстарымен бөлісті.

Дөңгелек үстелге қатысқан журналистер мен блогерлер өзекті ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Бұдан кейін облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ербас Өтегенов сөз сөйлеп, клуб мүшелерінің жиын барысында айтқан пікірлері мен ұсыныстары ескерілетінін айтып, клуб жұмысына сәттілік тіледі.

«Қазақ радиосы» және «Шалқар» радиоларының Түркістан облысындағы меншікті тілшісі әрі аталмыш клубтың төрағасы Ерсұлтан Әмірбек халықтар татулығын насихаттау мақсатында құрылған клубтың атқарып жатқан жұмыстарын атап өтіп, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Шаңырақ» байқауына қатысушылардың қатары артып келе жатқаны көңіл қуантатындығын жеткізді.

Айта кетейік, Журналистер мен блогерлер клубы тұрақты түрде жұмыс істейтін, еліміздегі этносаясатты, қоғамдық келісім мен бірлікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы оқырман назарына жеткізуші, халық татулығын насихаттаушы Түркістан облыстық ҚХА жанындағы құрылым болып табылады.

Ләззат САРЫБАЕВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы