ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

892 көрілім

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Дәрігерлерді ардақтайық» атты акциясы аясында қаладағы орталық аурухананың жұқпалы аурулар аурухананасының дәрігерлері мен медбикелеріне сый-сияпат жасап, құрмет көрсетілді. Акцияға «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қ.Жантөреева, «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Ж.Жұман, қалалық мәслихат депутаты У.Васитова және белсенді ерікті жастар қатысты. Шарада Қ.Жантөреева пандемия кезіндегі дәрігерлердің алдыңғы шепте жүріп, үй бетін көрмей, індетке шалдыққан науқастарды емдеудегі жанқиярлық еңбектерін жоғары бағалап, оларға алғысын білдірді.
Әлемде бірнеше ардақты да құрметті мамандықтар бар. Соның бірі – дәрігерлер. Оларды «ақ желеңді абзал жандар, адам жанының арашашысы» деп жатамыз. Қалай атасақ та артықтық етпейді. Дәрігерді ұлықтау, құрметтеу – әр пенденің азаматтық борышы. Ауырсақ, сырқаттансақ бірден осы адамдарға жүгіреміз. Алдына барған бізге мейірім төге қарап, емдеп, ақыл-кеңестерін береді. Күн, түн демей қажет кезде жанымыздан табылады. Қазіргі таңда індеттің күннен күнге асқынып белең алып жатқанына байланысты қоғамда жүріп-тұрудың шектелуі мен басқа да туындап жатқан қиындықтарға түсіністікпен қарауға, бұл шаралар халықтың амандығы мен денінің сау болуына бағытталғанын әрбір азамат түсінуі керек деп білеміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы