ЕКІ ЖАҚТЫ ӘРІПТЕСТІКТІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ

2  012 көрілім

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Рухани жаңғыру» ғылыми-тәжірибелік орталығы мен Журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен қазақ радиосының 100 жылдығына арналған «Қазақ радиосы-ғасыр жаршысы» атты дөңгелек үтел болып өтті.
Атаулы шараға университеттің ректоры Жанар Амангелдіқызы Темірбекова, «Қазақ радиолары» ЖШС-нің ресми өкілі Бақыт Жағыпарұлы, Қазақ радиосының Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі Ерсұлтан Әмірбек, радиожурналист, ақын, университеттің докторанты – Серік Сейітман, Ермахан Шайхы, Жандос Жұмабек сынды елімізге танымал журналистер қатысты.
Аталған шараны өткізудегі негізгі мақсат, ұлтымыздың үнжариясы Қазақ радиосының бай тарихымен таныстыру. Қазақ радиосының ғасырлық мерейтойын атап өту. Университеттіңоқу базасында студент жастарға – радиохабардың құрылымы мен радиодағы сөйлеу мәдениетін, радиодағы тікелей эфир заңдылықтарын таныту. Жас журналистерге радиожурналистиканың қыр-сырын үйрету.
Шара аясында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «Қазақ радиолары» ЖШС-нің ресми өкілі Бақыт Жағыпарұлымен екі жақты әріптестікті дамыту мақсатында меморандум түзілді. Сондай-ақ, оқу ордасының студенттері үшін «Қазақ радиолары» дәріс кабинетінің лентасын қию рәсімі өтті. Жиын соңында радио саласының майталмандары студенттерге шеберлік сағатын өткізді.

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы