АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ БІР КҮНМЕН ШЕКТЕЛМЕЙДІ

479 көрілім

Түркістан қаласында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры компаниялар тобының Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне көмек көрсету мақсатында жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан «Жеңіс» әлеуметтік-қайырымдылық жобасы өз жалғасын тауып келеді.

Аталған шараны «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен Түркістан қалалық ардагерлер кеңесі бірлесе жүзеге асыруда. Шара барысын тарқатып айтсақ, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары П.Досыбеков пен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының Түркістан қаласындағы үйлестірушісі А.Алдияров бүгінгі таңға дейін 80-нен аса қаладағы Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлеріне тұрмыстық техника мен азық-түлік өнімдерін үлестіріп келді.

– Басты мақсат – елдігімізді нығайтқан ардагерлерімізге ел атынан алғыс айтып, мерекелік көңіл күй сыйлау. Сонымен бірге, қазіргі таңдағы әлем мен елімізде болып жатқан короновирус індетінің алдын алып, төтенше жағдай талаптарын сақтауды барынша қолға алуды басты назарда ұстау керек, – дейді қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Пернетай Досыбеков.

Мұндай шараның болуы бүгінгі қоғамды отаншылдық рухта тәрбиелеуге, рухани құндылықтарды насихаттауға, тарихқа және ардагерлердің ерліктеріне сыйластық көзқарасты қалыптастыруға бағытталған керемет бастаманың әлі де өз жалғасын табатыны айдан анық.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы