ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА АКЦИЯ ӨТТІ

797 көрілім

Қалалық «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды бірыңғай тақырыптық қабылдау» акциясы өтті.

Онда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың денсаулығы мен әлеуметтік жағдайларына тұрақты түрде назар аудару, талап тілектерін орындауға бағытталды. Бұл республикалық акция Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын жүзеге асыру аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.

Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту туралы тапсырмасын орындау мақсатында өткен шараға тиісті құрылым өкілдері, атап айтсақ, қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары Ж.Кенжеғұлов, қалалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Б.Стамқұлов, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары М.Қазиханов, қалалық инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі басшысының орынбасары Қ.Тәукебаев және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Акция аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Атап айтсақ, кедергісіз келешекке жоба жасау қажеттігін, қаладағы мекемелердегі пандус мәселесі талапқа сай еместігін, жеке көмекшілердің жалақысын көтеруін, дәрі-дәрмектердің уақтылы берілуін, баспанамен қамтамасыз етуін, мемлекеттік емес емханаларда оларға көрсетіліп жатқан қызметтердің сапасыздығын, қоларба мәселесі төңірегінде ұсыныстарын білдірді. Шара барысында туындаған сұрақтар бойынша жоғарыда аталған тиісті сала өкілдері заң шеңберінде шешілу жолдарын түсіндірді.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы