ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕРЛЕР СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

634 көрілім

Елімізде 2021 жылы 10 қаңтар күні өтетін партиялық сайлауға үгіт-насихат шаралары жүргізілуде. Сайлауалды насихат жұмыстары Түркістан қаласында да қыза түскен.
Бүгін «Nur Otan» партиясының мүшелері, Түркістан қалалық мәслихатының депутаттығына үміткерлер – мен Дәурен Тәңірбергенов, Ғаппар Сәрсенбаев және Мәди Аманжол Түркістан облыстық денешынықтыру және спорт басқармасына қарасты спорт саласының өкілдерімен кездесті.
Атап айтқанда, «Әбдісалан Нұрмаханов атындағы Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» және «Облыстық дәрігерлік-дене тәрбиесі диспансері» мен «Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі» қызметкерлерімен жүздестік. Партия мүшелері еліміздегі жетекші партия тарапынан жасалып жатқан іс-шараларды атап өтті.
Сондай-ақ, тұрғындарды сайлау кезінде белсенділік танытатындықтарына сенім білдіріп, саяси науқан кезінде «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының қорынан төленді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы