КАНВАССИНГ. СПОРТ МАЙТАЛМАНДАРЫМЕН!

556 көрілім

Ерім дейтін Ел болмаса , Елім дейтін Ер қайдан болсын деп кемеңгер халқым қалай айтқан.

Бүгін «Nur Otan» партияның атынан қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Дәурен Тәңірбергенов әріптестерімен бірге – күллі әлемге еліміздің елдігін танытып, көк байрағымызды көгімізде шарықтатып даңқын асқақтатып жүрген, дүйім жұрт мақтан етер мәшһүр ұлдарымызбен арнайы кездесу өткізді.
Кездесу барысында көптеген түйткілді мәселелер қозғалып алдағы жоспарларымен бөлісті.
Бек Нұрмағанбет- бокстан “Халықаралық дәрежедегі спорт шебері” Қазақстанның жеті дүркін жеңімпазы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия құрлығының чемпионы.
Қәзіргі таңда кәсіпқой боксқа ауысып кіл мықтылармен жұдырық түйістіріп өзінің мықтылығын дәлелдеп келеді. Үш кездесу өткізіп үшеуіндеде жеңіске жетті. 79 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Бектің салмағында 1600 үміткердің ішінде әлемдік ретингте 98-ші орында тұрғанында атап кетті.

Мырзабаев Нұрлан- таеквондодан “Халықаралық дәрежедегі спорт шебері” Қазақстан республикасы чемпионатының жеңімпазы, Индонезия мемлекетінде өткен Азия ойындарының қола жүлдегері, жәнеде бірнеше халықаралықаралық додаларда топ жарып жүр.
Қәзіргі таңда Токиода өтетін жазғы олимпиада ойындарына топ жаруға тыңғылықты дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Жылқыбаева Айжан- самбо күресінен “Халықаралық дәрежедегі спорт шебері” , дзюдо, қазақ күресінен “Қазақстан республикасының спорт шебері” Қазақстан республикасы чемпионатының тоғыз дүркін жеңімпазы, Әлемнің үш дүркін күміс жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы, Азия чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы.
Қәзіргі таңда спортпен қатар жаттықтырушылық жұмыстыда қатар алып шәкірт тәрбиелеу мақсатында аянбай еңбек етіп жүр.

Кездесу барысында үш бірдей дарабозымыз ыстық ілтипатпен 10-қаңтарда өтетін саяси додада топ жарып, «Nur Otan» партиясымен бірге екендіктерін жеткізді.

«Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының қорынан төленді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы