«Nur Otan» партиясы мүшелерінің сайлауалды агитациялық жұмыстары өз жалғасын табуда. Билік пен бұқараның арасындағы алтын көпірге айналған «Nur Otan» партиясының азаматтық қоғамда орны бөлек. Еліміздің қуатты да табысты мемлекетке айналып, өзінің бастамалары арқылы жоғарғы халықаралық беделге ие болуында «Nur Otan»-ның алар орны ерекше екендігіне дау жоқ. Ұдайы халықтың ортасынан табылып, сенімін ақтауға тырысқан «Nur Otan» нақты нәтиженің, ілкімді істің партиясы атанып, елдің көңілінен шыға білді. Елімізді әлемнің ең қуатты 30 елінің қатарына қосу – партияның болашаққа бағыт сілтейтін темірқазығы іспетті.
Халық пен биліктің бірлігін берік ете түсетін «Nur Otan» партиясының фракциясы қызметінің жауапкершілігін қалыптастыруда азаматтық белсенділік жетекші рөл атқарады. Фракция мүшелері мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын бақылауда, насихат жұмыстарының жүргізілуіне белсенді араласуда. Осы орайда, Түлкібас ауданы Рысқұл ауылының тұрғындары, канвассинг шеңбері аясында Ұлы Отан соғысының ардагері, 95 жастағы Төлепбергенов Мұраталы атамыз, Өміртай Қалықұлов және кәсіпкер Омаров Өмірбек Жетпісбайұлы ағаларымызбен үгіт-насихат мақсатында жүздесіп қайтты.
Кездесу аясында қолдау сөздерін естіп, ақсақалдарымыздың ақ батасын алды. Қарияларымыз «Nur Otan» партиясы алған бағыттан таймай халықтың үмітін ақтауын тілеп, ақжарма тілектерін жеткізді.
Біз қиындықтарды еңсеріп, жетістіктерге бірге жетіп келеміз, алдағы кезде де ынтымақ пен ауызбіршілігімізді көрсетіп, тілегі мен жүрегі бір ел екенімізді көрсете берейік!
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
#NUROTAN
#NUROTANғаДауысБер
#ГОЛОСУЙзаNUROTAN
