Қала тұрғындарымен өткен үгіт-насихат жұмыстары барысында «Nur Otan» партияның атынан қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Тәжібек Мұсев партияның сайлауалды бағдарламасын жан-жақты таныстырып, халық пікірін тыңдап, ұсыныстары мен мәселелерін талқылады.
Осы кездесуден түйілген ой тұрғындарды жиі мазалайтын мәселелердің бірі сапалы ауыз су мәселесі. Осы мәселелерді шешу жолдары бағдарламада қарастырылған.
Бұл бойынша «Nur Otan» партиясының алдағы 5 жылдыққа арналған жоспарында ауыз су мәселесі де қарастырылған.
2021 жылы қаладағы 3 аумақтағы (Төле Бәйтерекұлы, Сырғақ батыр және Н.Төреқұлов көшелері) 206 отбасына 10,8 шақырым таза ауыз су жүйелерінің құрылысы жүргізіледі;
Түркістан қаласы мен қала аумағына кәріз желілерін салып, сарқынды ағын сумен қамтамасыз ету үшін 7 аймақ бойынша 11 жобаның құрылысын іске асыруға, атап айтқанда:
«Отырар» ықшамауданының орамішілік кәріздік желісін салу, жалпы құны – 2 млрд. 112 млн. теңге, Мердігер – «Азия Сервис-AS» ЖШС.
«Тұран» тұрғын үй массивін сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету, жалпы құны 2 млрд. 435 млн. теңге. Мердігер – «Үшсай» ЖШС.
175,5 шақырымдық су жүйелерінің қайта жаңғыртылып (Иасы, Шауғар және Мақта зауытының шағынаудандарының су құбыры желілері), жер асты су құбырларының талапқа сай болуына ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылы қала тұрғындары сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз етіледі
«Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының қорынан төленді.
