БАУЫРЖАН БАЙБЕК ЕРІКТІЛЕРГЕ ЕРЕКШЕ СЕНІМ БІЛДІРДІ

496 көрілім

Өтіп бара жатқан жыл еліміздегі ғана емес, бүкіл әлемдегі еріктілер үшін де маңызды жыл болды. Пандемия кезінде барша еріктілер, оның ішінде түркістандықтар да өздерін пайдалы жағынан көрсете алды. Олардың көмегін коронавируспен ауырған мыңдаған адамдар ғана емес, сонымен қатар, аз қамтылған және мұқтаж отбасылар да сезіне білді.

Осыны баса назарға алған Бауыржан Байбек іс-сапары барысында «Jas Otan» белсенділерімен де кездесті. Кездесу барысында оларға партияның үгіт-насихат жұмыстарына атсалысқандары үшін алғыс айтып, алда жасотандықтар партия белсенділерімен бірге 6 миллиондай үгіт-насихат материалдарын таратумен айналысатынын жеткізді. «Nur Otan»  партиясының бірінші орынбасары бұл жайында да өз парақшасында жазған.
«Өздеріңізге мәлім, жуырда Елбасы, «Nur Otan» партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен партияның жастар қанатының V Съезі өтті. Онда таяудағы 5 жылға арналған нақты нысаналы көрсеткіштері бар «Jastar Otanga» бағдарламасы қабылданды.

Қашанда жастар – кез келген елдің болашағы. Сондықтан да олардың өз қабілеттерін іске асыруларына жағдай жасау, сапалы білім алуына жол ашу, бос уақыттарын тиімді өткізіп, жұмыспен қамту мәселелері ¬- «Nur Otan» партиясы үшін әрдайым басымдықта.

Сонымен, қажеттілігі басым мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарында білім алу үшін гранттар санын 50%-ға көбейту, студенттер стипендиясын 2 есе, магистранттар мен докторанттардікін – 1,5  есе көтеріп, колледждер мен университеттер жатақханаларында жаңадан кемінде 50 мың орын енгізу көзделуде.

Сондай-ақ, жылына орташа алғанда 5 мың адамды қамти отырып, «Алғашқы жұмыс орын» жобасы іске қосылады. Жас кәсіпкерлерге бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін жылына 10 мың грант беріледі.

Ауылдық жерлерде спорт нысандары мен алаңдарын, 450 мыңнан астам жасты қамтитын заманауи демалыс орындарын салу жоспарланған. Бәріміз бірлесе отырып алға қойған барлық міндетті іске асыратынымызға сенімдімін» – деп жазды Бауыржан Қыдырғалиұлы өз парақшасында.

«Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының қорынан төленді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы