«Nur Otan» – саяси күш, жұртшылықтың жоғын жоқтайтын халықтық партия. Халық пен биліктің бірлігін берік ете түсетін «Nur Otan» партиясының фракциясы қызметінің жауапкершілігін қалыптастыруда азаматтық белсенділігіміз жетекші рөл атқарады. Фракция мүшелері мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын бақылауда, насихат жұмыстарының жүргізілуіне белсенді араласуда.
Осы орайда, «Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Түркістан облысына келді. Іс-сапар барысында бірнеше кездесу өтті, оның ішінде аграршылармен, мұғалімдермен, дәрігерлермен, ерекше қажеттіліктері бар адамдармен және басқа да азаматтармен арнайы жүздесті. Бұл жайында
«Nur Otan» партиясының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек әлеуметтік желідегі өз парақшасында жазды.
«Көпбалалы аналармен кездесу барысында әйелдерді әлеуметтік қолдау шараларын талқыладық. Басқосуда көтерілген мәселелерді тыңдап, бақылауға алдық.
Біздің сайлауалды бағдарламамызда әйелдердің жан-жақты дамуына жағдай жасауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесуге, сондай-ақ ана мен баланы қорғауға баса мән берілген. Бұл үшін бүкіл ел көлемінде Отбасын қолдау және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары желісі құрылады. Қиын жағдайға тап болған отбасыларға атаулы көмек көрсету күшейтіліп, жыл сайын ЭКО жасауға 7 мың квота бөлінеді. Кентау қаласында тұрғындармен кездесуде ауылдарды газдандыру, ауыз суға қолжетімділікті қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандар салу және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері көтерілді.
Азаматтарды толғандырып жүрген көптеген мәселелер сайлауалды уәделерімізде көрініс тапқан. Атап айтқанда, партия өңірлерде 50 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын құрып, 125 мың жұмыс орнын ашуға жағдай жасайды. Үш ауысымды және апатты мектептерді жою үшін 12 жаңа мектеп салынады, сондай-ақ ауыл тұрғындары үшін 14 жаңа аурухана мен емхана құрылысы жүргізіледі. 60-тан астам елді мекеннің 150 мыңнан астам тұрғынының ауыз суға қолжетімділігі қамтамасыз етіледі, 200 мыңдай тұрғыны бар 90-нан астам ауыл газдандырылады және тағы да басқа.
Сонымен қатар, Түркістан облысының зиялыларымен кездесуде мемлекеттік тіл мен ұлттық мәдениетті ары қарай дамыту жайы әңгіме арқауына айналды.
Ақсақалдардың сұрақтарына жауап бере отырып, «Nur Otan» шетелдіктерге жердің сатылуына жол бермейтінін баса айттым. Партиямыз қазақ тілінде білім беретін мектептер мен балабақшаларды көбейтуге, мемлекеттік тілдің қоғам өмірінің бар саласында қолданылуын кеңейтуге ықпал етеді.
Сондай-ақ, дәстүрлі мәдениет пен ұлттық спорт түрлеріне қолдау көрсетуді жалғастыра береді» – делінген жазбада.
«Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының қорынан төленді.
