РАШИД АБАТҰЛЫ ЖЫЛ ІШІНДЕ 600-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТТЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

515 көрілім

Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы Ж.Тәшенов атындағы №23 IT мектеп-лицейінде алдын-ала кезекке жазылған 15 шақты азаматты жеке мәселесі бойынша қабылдады. Тұрғындар көкейіндегі сауалдардың басым бөлігі жер құжаттары, Қаулы шығару, баспана алу мен баспана кезегіне тұру, газ және кәсіп бастау бойынша қойылды.
Жалпы, жер Қаулысын шығару бойынша қараша айында арнайы комиссия құрылған болатын. Қол қойылып, бірауыздан қабылданған құжаттар Ғ.Мүсірепов №17 ғимаратта алдын-ала хабарлау арқылы берілуде.
Одан өзге, жұмыс сұрай келген жандарға ақылы қоғамдық жұмыстар ұсынылып, олар “Түркістан-Су”, “Жасыл Түркістан” және “Түркістан жарық-тазалық” мекемелері мен құрылыс алаңдарына орналасты. Ал, бүгінгі кездесу аясында жұмыссыз азаматтарға жаңадан салынып жатқан ауруханаларға жұмысқа алу бойынша тапсырма берді.
Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде қала тұрғындарымен жүздесіп қабылдау мүмкіндігі болмады. Ал, карантин режимі кезінде бастапқыда онлайн қабылданса, қазірде карантин талаптарын сақтай және шектеумен қабылданып келді. Ендігі, келер жылдан бастап кезек реті бойынша қабылдау жұмыстары жалғасын табады деп күтілуде. 

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы