ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ МІНДЕТТЕРІН АДАЛ АТҚАРҒАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

634 көрілім

Індет уақытында халық қауіпсіздігін қорғаған қаһармандарға арнайы төсбелгі берілді.
Түркістан қаласы әкімдігі ғимаратында төтенше жағдай кезінде міндеттерін адал орындаған азаматтарға “Естелік төсбелгісі” тағылды.
Шараға Рашид Абатұлы мен Түркістан қалалық Қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы Нығмет Ахметұлы қатысты. Салтанатты рәсім қала  әкімінің алғы сөзімен басталды. Шаһар басшысы өз сөзінде індет кезінде аянбай еңбек еткен азаматтарға жұмыла жүк көтерісіп, халық әлеуетін жақсартуда жемісті жұмыс жасағандары үшін ризашылығын білдірді. Келесі болып Нұрлан Ахметұлы сөз алып, жиын азаматтарға “Естелік төсбелгісін” табыстаумен жалғасты.
Барлығы қырыққа жуық әскери міндетті қала басшысының өз қолынан төсбелгі алып, елге адал қызмет етуге ант берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы