Қаладағы «Ақжайық» музыка мектебінде ел тәуелсіздігі жылдары аясында жаңа облыс орталығы – Түркістан қаласы үшін қызмет атқарған азаматтарға құрмет көрсетілді. Алдымен қаланың бүгінгі дамуы жайлы бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды.
Шарада қала әкімі Р.Аюпов пен қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Сәрсенбаев шаһардың дамуы мен өркендеуіне қомақты үлес қосқан жандарға алғыстарын білдіріп, оларды марапаттады. Атап айтсақ, «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» медалімен қалалық аналар кеңесінің төрайымы Ұлжан Мұстафаева, қалалық өзбек этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Закир Бекенов, ХҚТУ-дің профессоры, сазгер Бекжігіт Сердәлі, Түркістан қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы, полковник Нығмет Ахметұлы, қалалық ақсақалдар алқасының мүшесі Сенбек Молдабеков, Түркістан қалалық полиция басқармасы, полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі Шалбай Меңдібаев, Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесі төрайымының орынбасары Гүлсара Тоққұлова, қалалық түрік этномәдени орталығының төрағасы Усеин Медедов марапатталды. Ал, «Үздік мәслихат хатшысы» медаліне Ғаппар Сәрсенбаев, «Үздік депутат» медаліне Ержан Мұстапаев ие болса, «Халық алғысы» медалі қалалық мәслихат депутаттары Айдос Абпазов пен Хабибулла Азимовқа табысталды.

Қала әкімінің Алғыс хатына қалалық мәслихат депутаттары Сәкен Ханділлаев, Алтынбек Кенжалиев, Айгүл Тілепова, Сүлеймен Арыстанов, Дәурен Тәңірбергенов, Мұхамедәлі Қорғанбаев, Сұлтанхан Тәштеев, Аманжол Мәди ие болды. Мерекелік іс-шара қалалық мәдениет үйінің концерттік бағдарламасына ұласты.
Иә, марапатқа ие болған азаматтардың арасында осалы жоқ. Әр салада өз деңгейінде білек сыбана тер төгіп жүрген жандар басшылықпен қатар халық алғысына бөлене берсін деген тілек білдіреміз.
Қуаныш ТАСЫБАЕВ.
