ҚАЛА ШЕКАРАСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

565 көрілім

Қаладағы «Ақжайық» музыка мектебінде алтыншы шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті жетпіс бірінші сессиясы болып өтті. Сессияны қалалық мәслихаттың депутаты А.Кенжалиев ашып, жүргізіп отырды. Кезекті сессия жұмысына қала әкімі Р.Аюпов қатысты.

Кезекті жетпіс бірінші сессияда күн тәртібіне ұсынылған «2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет», «Түркістан қаласы әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің атқарған жұмыстары», «Түркістан қалалық мәслихат хатшысының 2020 жылы атқарған жұмыстары», «Түркістан қалалық мәслихатының тұрақты комиссия төрағаларының есебі», «Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту», «Түркістан қалалық мәслихатының және оның аппаратының 2021 жылға арналған шығындар сметасын бекіту, «Түркістан қалалық мәслихатының 27.03.2020 жылғы №62/304 «Түркістан қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту», «Түркістан қаласының шекарасына өзгеріс енгізу», «Түркістан қалалық мәслихат сессиясының төрағасын сайлау» туралы мәселелер қаралды. Кезекті сессияда қаралған мәселе бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы