КЕҢСЕ ҚЫЗМЕТІНЕ 59 500 ТҰРҒЫН ЖҮГІНГЕН

725 көрілім

Түркістан қаласы әкімдігі “Өтініштерді қарауды бақылау және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің” басшысы Мадина Байғұт “Халықтық Кеңсе” қызметінің 11 айда атқарған жұмыстары барысын баяндады.⠀Баяндама Түркістан қаласы Әкімдігінің әлеуметтік парақшаларында тікелей эфир режимінде өтті.⠀Түркістан қаласы әкімдігі жанынан пилоттық жоба ретінде ашылған “Халықтық Кеңсе” қызметі 2020 жылдың 13 қаңтарынан бастап жұмыс жасап келеді.Халықтық Кеңседе әкімдіктің бөлімдеріне тұрғындар тарапынан түсетін арыз-шағымдармен, қала басшысының жеке қабылдауы бойынша жұмыстар жасалуда.Қазіргі таңға дейін бөлімге 59500 арыз-шағым, өтініш түскен. Өз кезегінде бөлім келген өтініш-шағымдарды құзыреті бойынша дербес бөлімдерге жеткізіп, жауабын авторға электронды түрде “гибридті пошта” арқылы жеткізіп отырады.

Жыл басынан бері тұрғындардан жер қатынастары саласы бойынша 1105 қаулы, 255 комиссия хаттамасы өтініш иелеріне берілген.Карантиндік жағдайға байланысты Халықтық Кеңседе “өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының” жұмысы жанданып, арнайы жабдықталған 9 компьтер мен операторлар халыққа қызмет көрсетуде. Аталған бұрышта күнделікті халық сұранысы негізінде “egov” порталындағы 70- ке жуық жұмыс түрі жүргізілуде. Есеп бойынша “egov” электронды үкімет порталынан 21 837 азамат өтініш білдіріп, түрлі қызметке жүгінген.⠀Онлайн баяндама барысында бірқатар тұрғындар толғандырған сауалдарына жауап ала алды.⠀
Құрметті оқырмандар, “Халықтық Кеңсе” қызметіне төмендегідей байланыс құралдары арқылы жүгіне аласыздар.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы