ҚАЛА БАСШЫСЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ЖУЫҚ АРАДА ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫН ЖАҢАЛЫҚТАРМЕН БӨЛІСТІ

574 көрілім

Рашид Абатұлы әлеуметтік желідегі жеке парақшасы (@the_rashid_ayupov) арқылы тікелей эфирге кіріп, қаладағы соңғы жаңалықтармен бөлісті. 
Алдымен, Шавгар мөлтек ауданы мен Мақтазауыт аумағы тұрғындары үшін таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша республикалық комиссия шешімі шыққанын айтып өтті. Нәтижесінде, келер жылдың қаңтар-ақпан айлары ішінде жұмыстарды бастау жоспарлануда. Одан өзге, биыл қала аумағында газ құбырларының толығымен орындалуы мақсатындағы істер әлі де жалғасып, жыл соңына дейін аяқталуы басты назарда екенін хабардар етті. 
“Өткен күндерде газ қысымының төмендеуі бойынша көптеген шағым түскен еді. Осы мәселенің қазіргі қыс мезгілінде тұрғындар денсаулығы үшін маңызын ескере, Елордаға іссапармен барып, “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ мекемесі басшылығымен жолығып, нәтижесінде ахаулар қалпына келтірілген болатын. Ендігі, газға абоненттерді қосу құжаттарын жедел қабылдап, азаматтардың өтінімін іске асыру үшін мекеме тарапынан қызметкерлер уақытша толыққанын мәлім етемін. Олар қаламыздағы Халықтық кеңселерде қызмет етуде. Жалпы, қазірде 10 мыңға жуық адам құжат өткізген”, – деген Рашид Абатұлы құжаттарды рәсімдеу жұмысы ширатылатынын айта өтті.
Одан өзге, эфир барысында тұрғындар тарапынан қойылған тұрғын үй, жер, газ және өзге де сауалдарға жауап беріп өтті.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы