Бүгінде елімізде кәсіпкер әйелдердің саны едәуір артып келеді. Бұл қуантарлық жағдай. Десе де, өз кәсібін үйінде дөңгелетіп, күнделікті табысын тауып отырған қыз-келіншектер өзгелерге үлгі.⠀Осы орайда, біздің қаламызда «Демеу» қоры құрылған болатын. Бастапқыда екі адамның бастамасымен ашылған қор бүгінде қанатын кеңге жайып, біршама тірліктерді қолға алып келеді.

Жуырда демеуліктердің қолдауымен 4 жас әрі көпбалалы аналарға қаржылай, заттай көмек көрсетілді.⠀Дильфуза мен Шәрбанудың ықпалымен және Жандәулет, Ерназар есімді азаматтар қолға алған шараға арнайы қатыстым. Бұл жолы қор мүшелері тағдырдың тауқыметін тартып, жалғызбасты аналарға қолдау көрсетуді жоспарға алыпты.⠀Жанашыр жандардың назарына ілінген келіншектердің дені тігіншілікпен айналысады екен. Оларға кәсібін одан әрі дамытуға қажетті құрал-жабдықтар мен тігін курсына қатысуға жеңілдік қарастырылды. Ал, түрлі кондитерлік өнімдер мен дәмді тағамдар даярлауға қызығушылығы бар аналарға қаржылай көмек көрсетіліп, заттай жәрдем берілді.⠀Демеуліктердің алдағы межесі айқын, демеушілер көмегімен бірқатар шараларды жүзеге асырмақ ниетте екен. Оларға қолдау көрсету біз секілді кәсіпкерлердің үлесінде деп білемін.
Инара НАМАЗБАЕВА,
«Қуаныш» ЖШС-нің директоры, Түркістан облысы Іскер әйелдер қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің төрайымы.
