ТІГІНШІЛЕР ӨНЕРЛЕРІН ПАШ ЕТТІ

753 көрілім

Облыстық ақсақалдар алқасының Түркістан қаласындағы №15 сектор жетекшісі Тайыр Абдувалиевтың және Бірлік аумағындағы «Arzu style» оқу-өндірістік кәсіпорны басшысы Дилфуза Құрбанованың ұйытқы болуымен тігіншілер арасында байқау өтті.

Аталмыш кәсіпорын басшысы Дилфуза Құрбанова Ташкентте, кейіннен Ресейдегі жетекші оқу орнында тігіншіліктің қыр-сырын үйреніп, тәжірибе жинақтады. Уақыт өте кәсіпкерлікке бел буып, тігіншілікке әуес қойған жастарды оқытып үйретуді қолға алды. Аталмыш байқау оқу-өндірістік кәсіпорында тігіншілікті оқып-үйреніп жүрген жастар арасында өтті. Кәсіпкердің осы саладағы әріптес ұстазы Гүлназ Исмаилова мен Шарбану Нұржауовалар қазылық еткен байқауда жастар бар өнерлерін ортаға салды. Нәтижесінде ең шебер тігіншілер Гүлмира Сұлтанмұратова, Гүлжанат Манапова мен Диларам Абдувалиевалар алғашқы үштікке ие болды.

-Тігіншілікке ден қойған қыз-келіншектер үшін практикалық-оқу ұйымдастырдық. Олар бір ай бойы оқиды, кейін оқу онлайн тәртіпте жалғасады. Оқуды бітіргендерге арнайы сертификат тапсырылады. Негізінен біз әйелдер мен ерлер және балалар көйлектерін сапалы тігіп дайындауды үйретеміз. Одан әрі қарай өзінің ізденісіне, қабілетіне байланысты. Бізде аз қамтылған отбасы балаларын оқытуда жеңілдіктер қарастырылған,-дейді Дилфуза Құрбанова.

Райымжан ӘЛІБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы