АУДАНДЫҚ АУРУХАНАҒА МОНИТОРИНГ ЖАСАЛДЫ

811 көрілім

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті жанынан құрылған «Түркістан Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Гүлзия Қарсыбай, жобалық кеңсе менеджері Ердаулет Әдиат пен «Жетісай Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Нұрлыбек Мутаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Құрманбек Рысмахановтар Жетісай аудандық ауруханасына қоғамдық мониторинг жүргізді.
Covi19 пандемиясының екінші толқынына дайындық жұмыстары мен науқастарға берілетін тегін тағамдардың сапасына жүргізілген мониторинг барысында аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Жолдасбеков атқарылып жатқан жұмыстар мен дайындықтың барысымен толық таныстырды.
Бас дәрігердің мәліметінше Жетісай аудандық орталық ауруханасында бүгінде індетке шалдыққандарға арнайы 310 төсек орын мен күндізгі статционарда ем алушыларға қалалық емханада арнайы 100 төсек орын ажыратылған.


Сонымен қатар, ауруханада бүгінде 9 жасанды тыныс алу аппараты орналастырылып, қосымша 64 оттегі концентраторы сақадай сай. Аталған құрылғылардың басым бөлігін елдің амандығына бей-жай қарамайтын адамдардың қайырымдылығымен жиналған қаражат есебінен алынған. Бүгінде күніне 350-400-ге дейін науқасты қабылдауға қауқарлы арнайы орталық жасақталып, инфекцияны анықтауда суық тию белгілері бар, қауіпті топқа жататын адамдарға тест тегін жүргізілуде.
Аурухана қоймасында алғашқы індетпен күрес кезінде қажеттілігі жоғары болған 2 айға есептелген дәрілік препараттар мен дәрігерлерге арналған бетперделер мен қорғаныш киімдері де жеткілікті.
Сондай-ақ, індетке қарсы күреске байланысты аудандық ауруханада қуаттылығы сағатына 50 мың литірді құрайтын оттегі станциясы да орнатылған.
Міне осы және өзге де жұмыстардың атқарылуымен танысқан жұмысшы топ мүшелері оң бағаларын берісті.

Бауыржан НАЙМАНОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы