КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОЛҒА АЛЫНУДА

1  763 көрілім

Көктем мен күзгі мезгілдегі Жер-Ананың босаңсыған сәтін асыға күтетін адамзат баласы айналасына тазалық жұмыстарын жүргізіп, түрлі ағаштардың көшеттерін отырғызады. Көгалдандыру жұмыстарына кіріседі.
Міне, Мақтаарал ауданына қарасты Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінің мемлекеттік қызметкерлері мен ауыл тұрғындары да осындай игі істі қолға алып, округтегі елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарына кірісті.
Іске мұрындық болған округ әкімі Нұрғали Елшібаев пен округ ақсақалдары округке кіре беріс шекарасынан бастап көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Округ ішілік жолдардың бойын тазартып, жасыл желеңге айналдыру мақсатында түрлі декоративті ағаштардың көшеттері отырғызылды. Әрбір көшетті күтіп-баптау жұмыстары тұрғындарға түсіндіріліп, мамандар табиғатты аялауға шақырды.
«Көгалдандыру, тал егіп, оны күтіп-баптау баршамызға ортақ іс болуы тиіс. Өйткені, бүгінгі біздің еккен ағаштарымызды болашақта біздің ұрпағымыз саялайтын болады. Округ тұрғындарын жаппай көшет отырғызып, тазалық жұмыстарын жүргізуге шақырамыз. Тазалық – бірінші кезекте өз денсаулығымызды сақтауға септігін тигізсе, көшет отырғызу – жасыл белдеу қалыптастырудың негізі» дейді округ әкімі Нұрғали Елшібаев.

Бауыржан НАЙМАНОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы