КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА МҮМКІНДІК МОЛ

1  150 көрілім

Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы бойынша бизнесті қолдау, кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тарту бағытында дөңгелек үстел болып өтті. Жиынды Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасының басшысы И.Құдабаев ашып, инвестицияларды тарту, кәсіпкерлікті және бизнесті дамытудағы мемлекеттік қолдаулар бағытында ой-пікірлерімен бөлісті.
Бұдан соң, шарада Алматы қаласынан арнайы келген «SS Invest» ЖШС басқарма төрағасы Қ.Абдиев пен аталмыш кәсіпорынның директоры С.Турапбеков қала кәсіпкерлеріне бизнес саласын дамыту бағытында тиімді ұсыныстарын жеткізді. Онда қазақстандық өнеркәсіп кәсіпорындарына модернизациялау және өнім көлемінің қуаттылығын арттыруға ықпал ететін және сауда қызметін көрсетіп отырған компанияларға тауарларды жеткізуде қолданыстағы жүйесін пайдаланып, ұтымды шешімдерді қала кәсіпкерлеріне ұсынды.
«SS Invest» ЖШС ҚР Өнеркәсіп және Халықаралық Ынтымақтастық Қоры кез келген тауарлар мен құрал жабдықтарды 90 пайыз келісім-шарт ақысын өтеуін 12 айда бөліп төлеу шартымен жеткізіп беруге мүмкіндігі бар. Оған қоса комплексті түрде келесі қызметтерді атқарады. Кедендік рәсімдер, қойма және тасымалдау қызметі, тауар өндіруші-жеткізуші кәсіпорындардың инспекциялау, тауарларды сатып алу тағы да басқа қызметтерді жүзеге асырады. Жиын соңында қала кәсіпкерлері тарапынан өздеріне қажетті сұрақтарын қойып, оған нақты жауаптарын алды.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы