ҰСТАЗДАР БАС ҚОСҚАН СЕМИНАР

1  220 көрілім

№23 жалпы орта мектепте «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісінде интеграциялау пилоттық жобасын іске асыру аясында республикалық аймақтық семинар өтті.

«Ұлттық рухани мәдениет мәйегі арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды тану» тақырыбында өткен семинарға Жамбыл, Қызылорда облыстарынан, Шымкент, Түркістан қалаларынан 300-ден аса ұстаздар қатысты. Шара мақсаты – үздіксіз білім беру жүйесінде мұғалімнің рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, жан-жақты, рухани дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруда білімін арттыру болып табылады.

Семинарға «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы Адамның үйлесімді дамуы институты директорының орынбасары Луиза Жұбатова модераторлық жасады.

Жиында «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану.kz» журналының редакторы Е.Бақаш «Ұлттық рухани мәдениеттің құндылық әлеуеті», «Бөбек» ҰҒПББСО АҮДИ директорының орынбасары Л.Жұбатова «Ұлттық рухани мұра «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының негізін құраушы қағида ретінде», «Бөбек» ҰҒПББСО жетекші ғылыми қызметкері Р.Ізғұттанова «Жалпыадамзаттық құндылықтар адамның рухани табиғатының жоғары көрінісі ретінде», М.Әуезов атындағы ОҚМУ аға оқытушысы, «Бөбек» ҰҒПББСО сарапшысы А.Оралбекова «Жалпыадамзаттық құндылықтар негізіндегі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінің қызметі», «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ аға оқытушысы Г.Тұранова «Үздіксіз білім беру жүйесінде мұғалімнің рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту», Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының өзін-өзі тану әдіскері Б.Қаймолдаева «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білдім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау жобасының іске асырылу барысы тақырыбында баяндама жасады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды кеңінен насихаттаған семинар жоғары деңгейде өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы