ӘЗИЗ АНА – ӘМИНА ӨМІРЗАҚОВА

2  211 көрілім

Әмина Өмірзақова десе көз алдымызға «Тақиялы періштедегі» күлкісі өзіне жарасқан, қарапайым қазақ әйелі келеді. Комедиялық фильмдегі баласына деген жанашырлық, келінге деген талап көрерменді күлкіге, терең ойға жетелеген-ді. Осындай көркем туындыларда өшпес із қалдырған даңқты өнер майталманы көзі тірісінде 100 жасқа толар еді.

Осы мақсатта қалалық мәдениет үйінде сахна және кино өнерінің жұлдызы, ҚР Мемлекеттік сыйлығы-ның лауреаты, Отан, Еңбек, Қызыл ту ордендерінің иегері, халық әртісі Әмина Өмірзақованың 100 жылдығы-на арналған әдеби-сазды кеш өтті.

Мәдениет үйінің әртістері «Тақиялы періште» кинофильмінен пародиялық қойылым көрсетіп, бүкіл қазақ жұртының есінен кетпес есті туындыны тағы бір мәрте назарға ұсынды. Әмина Ерғожақызының көзін көрген ғалым, академик, «Парасат» орденінің иегері Құлбек Ергөбектің айтуынша, оның бүкіл өмірі қазіргі Ғабит Мүсірепов атындағы жастар театрында өткен.

Есімі елімізге ғана емес ТМД-ға да танымал әртіс театр сахнасында 150-ден астам күрделі кейіпкерлердің бейнесін шынайы шеберлікпен сомдап, көптеген көркем фильмдерде басты рөлдерде ойнады.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Ұлы даланың ұлы есімдері» тарауы бойынша да саңлақ актрисаның есімі мен жүрген жолы біздер үшін аса қымбат. Оның ұлттық сипаты мол шығармашылық жолы – әлемдік өнер дариясына барып қосылатын өзгеше арна деп білеміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы