АЛДЫН АЛУ ОРТАҚ МІНДЕТІМІЗ

593 көрілім

Сыбайлас жемқорлықпен күресу – бүгінгі күні республикадағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болғандықтан, қылмыстардың ішінде сыбайлас жемқорлық қоғамымыздағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық көріністері мемлекеттік органдарда болмау үшін жұмысымызға жауаптылықпен қарап, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуіміз керек.

Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алған мезеттен бастап бұл аса ауыр қылмыстарға қатысты қатаң мемлекеттік саясат қалыптасты. Еліміз ТМД мемлекеттерінің арасына бірінші болып, 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы заңы қабылданды. Кейіннен бұл саладағы ұлттық заңнаманы жетілдіру барысында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенцияларын және басқа да жалпы жұрт таныған халықаралық актілерді ратификациялап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіләлемдік қоғамдастықтың тең мүшесіне айналды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекеттік органдардың басшылары немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамдарды, ұйымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз құзыреттері шегінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарын орындауды және онда көзделген тәртіптік шараларды қолдануды, кадр, бақылау, заң қызметтері мен басқа да қызметтерді осыған тарта отырып қамтамасыз етеді.

Осыған орай, «Сыбайлас жемқорлық және басқа да құқық бұзушылықтың» болмау керектігін, мемлекеттік органдардың басшылары барша қызметкерлерге қатаң талап қойып, ел игілігі жолындағы жұмыстарын адал да тыңғылықты атқару қажет екендігін ұмытпауымыз керек.

М.ХАЙДАР,
қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау капитаны.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы