- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасын енгізу туралы» 1993 жылғы 12 қарашадағы Жарлығына сәйкес, 15 қарашада теңге айналымға енгізілді. Содан бері осы күн ресми ұлттық валюта – теңге күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып саналады. 15 қараша күні ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен ұлттық валюта – теңге айналымға шықты. Бұл тәуелсіз Қазақстанның тарихына алтын әріптермен жазылған күн болды.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің жылдық жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесін жылдағы дәстүр бойынша атап өтті. Қалалық кәсіподақ комитетіне қарасты білім саласындағы қызмет атқарып жүрген қаржыгерлерді марапаттау мақсатында Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің «Құрмет грамотасымен» 15 қаржыгер марапатталды. Ұлттық валюта күні қаржы саласындағы қызметкерлерге қаржылай сыйлық тапсырылды.
Айналымдағы теңгенің халыққа қызмет етуіне қажетті қамқорлық жасауда қаржы секторы қызметкерлерінің еңбектері елеулі. Барлық қаржыгерлер қауымына қаржы саласында атқарған елеулі еңбектері үшін шын жүректен алғыс айтамыз.
М.КЕНЖЕБАЕВА,
Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің маманы.