ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДАҒЫ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ОТАНДЫҚ ТАУАР ҮЛЕСІН БАҚЫЛАУДА АНЫҚТАЛДЫ

935 көрілім

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасымен отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында, қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы аясында тендерден кейінгі бақылауды жүргізу үшін құрылған арнайы мониторингтік топ Түркістан қаласындағы бірнеше құрылыс нысандарын аралады.

Атап айтсақ, Түркістан қаласындағы 900 орындық мектеп құрылысы; Түркістан қаласының әкімшілік-іскери орталығында бульвар салу; Түркістан қаласындағы драма театрының құрылысы; Түркістан қаласындағы қолөнершілер орталығын реконструкциялау; Кентау қаласындағы Оранғай ауылдық округінде орналасқан «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасының құрылысы.

«Мониторинг нәтижелері бойынша, құрылыс барысында пластикалық терезелердің профильдері, кейбір құрғақ құрылыс қоспалары, арматура, жылу изоляторлары, жолаушылар лифті сияқты импорттық материалдар пайдаланылатыны анықталды. Алайда, жоғарыда аталған барлық номенклатуралар бойынша отандық тауар өндірушілер бар»,- Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының сатып алу және жергілікті қамту бөлімінің басшысы Саттар Игенов, жұмыс комиссиясының мүшесі.

Кентау қаласының Оранғай ауыл округінде салынып жатқан «Кенсай-Қосқоған-2» су қоймасының құрылысы ерекше назарға ілікті. Мониторинг барасында мердігер мекеме жобалық-сметалық құжаттамада геомембрана материалы қазақстандық болу керектігіне қарамастан, ресейлік материалды сатып алғаны анықталды.

Елімізде аталған құрылыс материалын өндіретін 5 мекеме бар екенін атап өту керек.  

Мониторинг нәтижесімен өткізілген жергілікті қамту үлесін бақылау комиссиясының отырысында, мердігер мекеме бастапқы сәттен бастап қазақстандық геомембрананы қарастырмастан, ресейлік материалдарды сатып ала бастағаны анықталды. Комиссия отырысы барысында құрылыс нысанының тапсырыс берушісіне (Құрылыс басқармасы) мердігер мекемемен бірлесіп отандық тауарларды пайдалануды қарастыру тапсырылды. Сонымен қатар, комиссияның келесі отырыстарында атқарылған жұмыстары туралы есеп беру тапсырылды.

Еске сала кету керек, отандық тауар үлесін бақылаудың басты мақсаты – мердігер мекемелер мен отандық тауар өндірушілер арасында келісімшарттардың түзілуіне жол ашу болып табылады.

Түркістан облысы “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы