Бұл туралы қала әкімі Рашид Аюпов facebook-тегі өз парақшасында жазған.
Құрметті ағайын, достар, жерлестер!
Жыл басында індет барлығымызға дерлік кері әсерін тигізді. Алға қойған мақсаттарымызға қайта көз жүгіртуге, кейінге шегеруге мәжбүрледі. Ойластырып, жобалаған кей істерімізді қазірдің өзінде де бітіре алмай келеміз. Жақындарымыздан айрылғандарымыз, денсаулығымыз нашарлағандарымыз қаншама. Қай тұрғыдан қарасақ та, қандай даярлық жасасақ та өзімен алып келер кесірді нақты білу, қай салаға келген соққы ең ауыр тиерін қазір де ешкім нақты айта алмай келеді. Бірін жамап жатсақ, екінші жағы сыр беріп, оған жүгіргенде күтпеген үшінші бір мәселе туындап жатады. Бәрі мыңызды. Бәрі шұғыл. Бәрі қажет. Өте ауыр күндер өтті басымыздан. Әлі де соның салдарымен күресіп келеміз. Бүкіл әлемде осы көрініс. Күнделікті әлемнің түкпір түкпірінен суыт хабарлар келіп жатыр. Елімізде де күннен күнге тіркелген науқастар саны артып келеді. Бастан кешкеніміз қайталанбасыншы деген ниетпен, құзырымыз жеткенше, басқа да сан алуан күнделікті, халыққа қажетті жайлылықты қамтамасыз етер жұмыстардан бөлек даярлық жұмыстарын да атқарып жатырмыз. Мемлекеттік емдеу мекемелерінде қосымша төсек-орындар, қажетті жабдықтар мен дәрі-дәрмек қоры, зертханалардың сынама алу мүмкіндігін күшейту, жедел жәрдем көлік санын арттыру, оттегі станциясын іске қосу тәріздес шаралар атқарылуда. Бірақ, сіздердің қолдауларыңыз болмаса бұл іс-шаралар ешбірімізді өзіміз қалаған мөлшерде қорғап қала алмайды. Салдарымен күрескеннен алдын алуға тырыссақ екен деген өтінішім бар. Әрдайым бетперде тағып, арақашықтықты сақтай, жиі қолдарыңызды жуып жүрулеріңізді өтінемін – делінген жазбада.
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ІНДЕТПЕН БІРГЕ КҮРЕСУГЕ ШАҚЫРАДЫ
703 көрілім
