“ҚЫС-2020” ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

1  123 көрілім

Қысқы маусымда төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Түркістан қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы Тікұшақ алаңында “Қыс-2020” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізді.

Облыс орталығында алдағы қыс мезгілінде ауа-райының тосын апаттарында қызметкерлер қандай шара көретінін қала әкімінің орынбасары Мұрат Базарқұлов арнайы бақылады.

“Түркістан-су”, “Жылу”, “ҚазТрансГаз”, “Оңтүстік Жарық Транзит”, “ҚазақТелеком” және медицина, полиция мен өзге де сала өкілдерінің апаттық қалпына келтіру топтары өздеріне байланысты мәселелермен таныстырды.

“Кез келген апаттық жағдай орын алғанда біздің коммуналдық қызмет мамандарының әрекеттерін іс жүзінде көріп отырмыз. Көпқабатты үйлерде электр бағандарының үзілуі, орталық жылу қазандығының істен шығуы, қысқы жауын шашын салдарынан су апатының орын алуы сынды жағдайларға ерекше басымдық беріліп отыр. Бұл тұрғындарымызға қолайсыздық тудырмас үшін алдын алу шаралары болып табылады”, – деді Мұрат Серікбайұлы.

Жалпы, аталған шара қала аумағын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған. Айта кетейік, бүгін Азаматтық қорғау қызметтерінің 12 командасы, 100 жеке құрамы және 45 техникасы оқу-жаттығуға қатысты.

Ақберен АМАНГЕЛДІ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы