Қорғанбаев Мұхаммедәлі Нәзірұлы 1960 жылы 31 қазанда Түркістан қаласында дүниеге келген. 1977 жылы Әл-Фараби атындағы орта мектепте 10-шы сыныпты бітіріп, 1977-1984 жылдар аралығында Шымкент қаласында Қазақ химия технологиялық институтында, тоңазытқыштар және компрессорлар машиналары мен қондырғылары курсы бойынша тәмәмдаған. 2013-2015 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Д.Қонаев атындағы көлік гуманитарлық университетінде Көлік техникасы мен технологиясы мамандығы бойынша бітірген.
Өмір жолында еңбексүйгіштік, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп жүрген Мұхаммедәлі Қорғанбаев ең алғашқы еңбек жолын 1985 жылы 6 мамырда Тамақ өндіру комбинатында инженер механик болып бастаған.
1989 жылы қазан айында директордың өндірістік орынбасары қызметіне тағайындалған сонымен қатар кәсіподақ ұйымының төрағасы, 2001 жылы 26 қыркүйектен бастап Түркістан қаласындағы Локоматив жөндеу депосында құрал жабдықтар инженері, 2001-2014 жылдары жабдықтау инженері, 2004-2009 жылдары өндірістік техникалық бөлімінде жабдықтар, қондырғылар инженері, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы инженері, инжененр метролог қызметтерін қоса атқарған. 2009 жылы жабдықтар бөлімінің бастығы, 04.01.2012-29.04.2017 жылдар аралығында «Ақ Берен» ЖШС-де жабдықтау бөлімінің жетекші инженері, 20.01.2017 жылы ҚР ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Түркістан қалалық қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі.
Ал 2019 жылдан бүгінгі таңға дейін «Түркістан жол қызметі» КММ директор орынбасары қызметін атқарып келеді. Сондай-ақ, 2019 жылдың маусым айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталған.
Ендеше, Мұхаммедәлі Нәзірұлын, мерейлі жасымен құттықтай отырып қашанда ел игілігіне бөленіп, қызметтің ең қызықты да қиын салаларын атқарып отырған абырой-беделіңіз арта берсін дегіміз келеді.
«Түркістан Жол Қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
