БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕГЕ КӨТЕРУ – БАСТЫ МАҚСАТ

851 көрілім

Бүгінгі таңда әлемдік білім кеңістігіне толығымен ықпалдасу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап етеді. Әлемнің көптеген алдыңғы қатарлы елдері өз білім беру жүйелерінде барынша тиімділікті қамтамасыз ететін сапалы білім беруге көшуді бастап та кетті. Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Осы тұрғыда қалалық адами капиталды дамыту бөлімі әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес әдіскер Ұзақ Гүлбану Жамалханқызының ұйымдастыруымен №31 бастауыш мектеп-балабақша кешенінде «Оқу үдерісінде кері байланыс жүргізудің маңыздылығы мен түрлері» тақырыбында өткен қалалық онлайн-семинары мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері үшін өте маңызды, әрі құнды болды. Семинарды ұйымдастырушылар өздерінің педагогикалық шеберлігін жоғары дәрежеде көрсетіп, теория мен практиканы тиімді ұштастырып, әртүрлі жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана білді.Семинар балабақша педагог-психологі С.Сейдалиеваның «Мейірімді болса жүрек, орындалар тілек» атты тренингімен басталса, балабақша директоры Шауенова Ардақ Абибуллақызы семинар мақсатымен және бағдарламасымен таныстырып өтті.Негізгі бөлімде балабақшаның жоғары санатты тәрбиешісі Л.Ж.Жунусова «Оқу үдерісінде кері байланыс жүргізудің маңыздылығы мен түрлері» атты шебер сынып ұйымдастырып, балабақшада оқу қызметінде кері байланыс жүргізу ережелері мен тәсілдерін толық ашып берді. Балабақша тәрбиешілері өздерінің іс-тәжірибесінде қолданатын кері байланыс әдіс-тәсілдерін онлайн оқу қызметтері барысында көрсетті. Балабақшаның ІІ санатты тәрбиешісі Г.Кешубаева Р.Қонақованың «Жемістер жыры» өлеңімен таныстыру» тақырыбында көркем әдебиеттен, жоғары санатты тәрбиеші Г.Д.Бадаева «Путешествие в страну математики» тақырыбында ҚМҰҚ-дан, І санатты тәрбиеші Ш.Қожанова жаратылыстанудан «Алтын жапырақ төккен күз» тақырыптарында онлайн ашық оқу қызметтерін көрсетті. Осы оқу қызметтерін балабақшаның жоғарғы санатты тәрбиешілері А.Р.Ахаева, Н.Сулейменова және ІІ санатты тәрбиеші Р.Каримбаева талдай келе, жүргізілген кері байланыс түрлері мен олардың оқу қызметіндегі тиімді тұстары жайында айтып өтті.Балабақша әдіскері Лаура Баянғалиқызы Тулимбетова балабақшаның 2020-2021 оқу жылына жасаған жоспарымен, төтенше жағдай кезінде арнайы балабақша мамандары мен ата-аналардың байланысы жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Сонымен қатар, Гүлбану Жамалханқызы семинарда педагогтарға әдіс-тәсілдер туралы теориялар ұсынып, оны оқу қызметінде қолдану тиімділігі туралы айтып өтті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балабақша тәрбиешілері мемлекет алдына қойылған үлкен ауқымды жұмысты өз дәрежесінде нәтижелі өткізетіндеріне сенім білдірді.Қорыта келгенде, семинар қатысушылары өз пікірлерімен бөлісті. Әр білім саласы бойынша оқу қызметінің мазмұны мен ерекшелігі саралап, кері байланыс жүргізіп отырды. Әрине, қиындығы мен қызығы қоса жүретін ұстаздық жолындағы бізге артылып отырған жүктің салмағы жеңіл емес. Жас мамандардың білім қоржынына біршама салмақ қосып артуына жағдай жасаған онлайн семинарда тәжірибелерімен бөліскен №31 бастауыш мектеп-балабақша кешенінің ұжымына алғысым шексіз.

Түркістан қалалық Адами капиталды дамыту бөлімі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы