КІТАП ОҚЫП РУХАНИ БАЙ БОЛАЙЫҚ

1  173 көрілім

Түркістан қалалық орталық кітапханасының кітапханашылары Орталық саябақта “Кітап оқып, рухани бай болайық!” атты кітап көрмесін қала тұрғындары мен жастар қауымына насихаттап, рухани сусындатты.

Биылғы жылдың айтулы мерейтойларына орай Алтын Орданың -750 жылдығы, Қазақ хандығының – 555 жылдығы, ғұлама ойшыл ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің -1150 жылдығы, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының – 175 жылдығы, “Бір ел -бір кітап” акциясы аясында жазушылар Мұхтар Әуезовтің “Абай жолы”, Әнуар Әлімжановтың “Ұстаздың оралуы” жəне т.б. қазақтың дара тұлғаларының кітаптары ұсынылды.  

Кітап сіздердің өмірлеріңізді жеңілдетіп, сіздерге адамды жəне өздеріңізді қадірлеуге үйретеді. Кітап – адамның жан-дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлықтың өлшемі, адам интеллектісінің көрінісі. Ол – адамзат үшін ғасырдан – ғасырларға жалғасып қызмет етіп келе жатқан ғылым мен өнердің, соның ішіндегі сөз өнерінің туындысы, ғалым адам мен қаламгердің жемісі. Әу баста сол рухани өлшем мен адам ақыл-ойының ажырамас тұнығындай болып көрініс тапқан кітап енді өзін оқыған, пайдаланған адамға да қызмет ете отырып, сол жанды да рухани тұрғыдан байытады, білім-білігін ұштайды, сенімді серігі, ажырамас досына айналады.   

Кітап  – адамгершіліктің  қайнар  көзі, адамзаттың  рухани құндылығы, өмір  айнасы, тарих  шежіресі, өнер-білім  бұлағы. Сіздерді кітап оқуға шақырамыз!

Түркістан қалалық орталық кітапханасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы