ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ 28 ҚАЗАННАН БАСТАЛАДЫ

744 көрілім

Түркістан қаласында жылу беру маусымы бекітілген мерзімінен ерте басталмақ. Бұл жөнінде қала әкімі Рашид Аюпов facebook-тегі өз парақшасында жариялады.

Құрметті Түркістан қаласы тұрғындары!­
Жазбалардың астындағы пікірлерге жеке-жеке жауап берудің реті бола бермейді. Дегенмен, мүмкіндігінше, барлық пікірлерді оқып шығуға тырысамын. Осы күнге дейін де сіздердің пікірлеріңіз, ой-тұжырымдама, ұсыныстарыңыз әкімдік жұмысын әлдеқайда жақсартуға септігін тигізіп келді. Қазір де солай.
­Кешегі жазба астында жылу мәселесі көптеп жазылды. Осы мәселе бойынша түсініктеме беріп өтейін. Қалалық әкімдік – өзіне қарасты аумақтағы жергілікті атқарушы орган. Заңнама, қаулы, талап, ережелерге сай жергілікті халыққа қызмет атқару барысында құзыреті жоғары мекемелерге бағынышты мекеме.­
Қазақстан Республикасы Құрылыс Нормативіне сай Түркістан қаласында жылу беру маусымы басталу күні жыл сайын 01 қараша болып бекітілген. Біз бекітілген күні беруге міндеттіміз. ­Дегенмен, Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің бұйрығына сай қатарынан 3 тәулік сыртқы орташа ауа температурасы +8С төмен болған жағдайда жылу беру маусымын бекітілген күннен ертерек бастауға рұқсат етіледі. Орташа. Күндізгі, не түнгі емес. Кешегі күнді алар болсақ, оның алдыңғы үш тәуліктің орташа температура көрсеткіші +12.­
Сіздердің өтініш-шағымдарыңызбен танысып шығып, бір-екі күн ертерек болса да бюджеттік, әлеуметтік нысандар және көпқабатты тұрғын үйлерге жылу қосу үшін қажетті шараларды бастадық. Алдағы уақытта да халық қажеттілігі мен ыңғайына қарай жұмыс атқарылуы үшін тиісті мекемелерге ұсыным-өтініш жіберіледі
– делінген жазбада.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы