АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ҚАРА ЖОЛЫ

910 көрілім

Әлемдегі әрбір мемлекетте өмір сүріп жатқан халықтың көнеден бүгінге дейінгі өзіндік тарихы бар. Сол дүниежүзілік тарихтың құрамды бөлігін қазақ елінің тарихы құрайды. Осы ұлан – ғайыр жерімізді қорғаған халқымыздың тарихында қаһарман тұлғалар баршылық. Елбасы Н.Назарбаев: «Өркениетті ұлт ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді – кішілі үлесімен мақтанады» – деген болатын. Сондай даңқты тұлғалардың бірі – Абылай хан бабамыз.

Әбу Насыр әл – Фарабидің 1150 жыл және Абайдың 175 жылдығына орай Түркістан қалалық орталық кітапханасына туристік сапарға қатысушылар Мұрат қажы Ыдырысұлының жетекшілігімен «Абылайдың қара жолы» кітабының тұсаукесері өткізілді. Жинақта қазақ мемлекеттілігінің іргесін бекітіп, аянбай қызмет еткен қайраткер Абылай ханның, қарапайым сарбаздан тақ иесі хан дәрежісіне дейінгі өсу жолы және өнегелі өмірі жайлы, «Абылай ханның қара жолы» атты тұңғыш рет ұйымдастырылған тарихи – танымдық экспедиция барысында жинақталған деректер жазылған.

Шараны қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің міндетін атқарушы Ғани Аманқұлов ашты. Мұрат Ыдырысұлы туристік сапардың мақсатымен және осы сапарға қатысушылармен таныстырып, сапар барысында алған әсерлерімен ой бөлісті. Қалалық орталық кітапханаға «Абылайдың қара жолы» кітабын және картасын, сондай – ақ киелі жерлер туралы кітапшалармен, компакт дискілерді сыйға тартты.

ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаев: «Ұлытаудың тарихы мен тағылымын жастар тәрбиесі мен отаншылдықты, ішкі туризмді дамытуға пайдалану керек» – деген болатын. Ал, туристік сапардың да мақсаты Қазақстандағы ішкі туризмді дамыту. Бұл сапар «Абылайдың қара жолын» пайдалана отырып, Әл Фараби бабамыздың өмірі мен шығармашылығы арқылы жастардың бойына ғылым мен білімді дамыту. Әл Фарабидің туған жері Отырар қаласына ат басын тіреу, Абылайханның жанкешті ерлігін үлгі етіп, отансүйгіштікті, патриотизмді қалыптастыру. Осы жолдың бойындағы тарихи, киелі жерлермен, ол жерлерде өмір сүрген дара тұлғалардың қасиет – қадірлерімен және шығармашылығымен таныстыруға арналды.

К.МАЛДЫБЕКОВА,
қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы