ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

747 көрілім

Түркістан қалалық адами капиталды дамыту бөлімі әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес әдістемелік кеңес мүшелерінің отырысы өтті. Қалалық адами капиталды дамыту бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ақмарал Асылбекова ашып, жүргізіп отырған кеңес отырысы барысында жаңа оқу жылының алға қойылған мақсат-міндеттері, әдістемелік кабинеттің жылдық жұмыс жоспары мен кешенді іс-қимыл жоспары таныстырылды.
Мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларынан құралған кеңес білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың жүргізілу барысына талдау жасап, анықталған өзекті мәселелердің шешу жолдарын сөз етті. Сонымен қатар, педагогтарды аттестаттаудың қорытындысы талданып, нәтижесі бойынша нақты ұсыныстар берілді. Кеңес барысында сараптау комиссиясының мүшелері сайланып, ережесі таныстырылды. Озық педагогикалық тәжірибені жинақтау, зерттеу, тарату, баспасөз беттеріне жариялау да кеңес алдында тұрған өзекті жұмыстардың бірі.
Сондықтан осы орайда, яғни материалдар әзірлеуде кездесетін қиындықтар мен шешу жолдары қарастырылды. Түрлі білім сайыстары ұстаздардың біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуына, озық педагогтарды анықтаумен қатар ынталандырып отыруға зор септігін тигізетінін ескерсек, педагогтарға арналған республикалық, облыстық, қалалық байқаулар мен конкурстардың орны ерекше.
Әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Асылбекова кеңес мүшелерін биылғы оқу жылында өтетін білім сайыстарының ережелерімен таныстырып, мұғалімдерді қатыстыру бойынша ұсыныстарын жеткізді. Өз кезегінде кеңес мүшелері қашықтықтан оқытудың тиімді жолдарын, әдістемелік көмектер беріп отыру, педагогтардың өзара тәжірибе алмасуы бойынша ұсыныстарын айтты.

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы