Қайрымдылық жасау – ізгіліктің басты көрінісі мен асыл қасиеттерінің бірі болып табылады. Түркістандық кәсіпкерлер сауапты істің ұйытқысы болды. Қалталы азаматтар қаладағы «Жәннат ана» дәмханасында бір топ мүмкіндігі шектеулі азаматтардың басын қосып, шара ұйымдастырды.
Түркістан қалалық әкімдігі мен жеке кәсіпкерлердің демеушілік етіп, «Мүгедектер қоғамының» төрайымы Феруза Қарамолдаеваның ұсынысын қолдап, мүмкіндігі шектеулі бір топ азаматтарға қайырымдылық жасалды.
Қаладағы жаны жомарт, қолы ашық азаматтардың ықпалымен 30-ға жуық мүмкіндігі шектеулі жандарға дастарқан жайылып, киім-кешек үлестірілді. Әрине, қай қоғам болмасын өз даму жолында мұқтаждықта айналып өтпесі хақ. Сондай жандарға көмек қолын созу әрбір азаматтың парызы болмақ.
