Сыбайлас жемқорлық кез-келген тұлғаның, қоғамның, тіпті тұтас мемлекеттің өркениетіне балта шабатын ауыр індет. Онымен күрес әрқайсымыздың басты міндетіміз. «Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді.
Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік беріп, құқыққа қарсы түсінік іс-әрекетті білдірген.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы «Мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзіреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып, мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу» деген ұғымда сыбайлас жемқорлыққа анықтама береді. Қазіргі таңда, сыбайлас жемқорлықпен күрес қалай жүргізілуде?
Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес, барлық мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдердің ақпараттық мөлдірлігін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару органдарының рұқсат ету және әкімшілік құзыреттерін оңтайландыру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың электронды жүйесіне көшу негізінде мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Бағдарламада ерекше орын, азаматтық қоғам ұйымдарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тартуға, құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бөлінеді.
Біздің басты міндетіміз, мемлекеттік билік органдары жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, олардың сыбайлас жемқорлық тәртіптік теріс қылықтар, әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасауын болдырмау, халыққа мемлекеттік қызметтер ұсыну және қолжетімділігін арттыру арқылы халықтың мемлекетке және мемлекеттік қызметшілерге деген сенімін нақты күшейту бойынша мемлекеттік қызметшілердің белсенді жұмысы үшін алғы шарттар жасау болып табылады.
Меруерт АБУОВА,
қалалық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі.