- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Жылдың ыстық мезгілінде тамақ өнімдерін өндіру, сақтау, тасымалдау және сату кезеңдерінде санитариялық талаптардың сақталмауынан, тамақ өнімдерінде әртүрлі қоздырғыштардың көбею қаупі артады. Жазда тоңазытқыш жабдықтары жоқ сауда шатырларынан, киоскілерден сапасыз тағам өнімдерін сатып алғанда сақ болу қажет, өйткені мұндай өнімдерді пайдаланғаннан кейін тамақтан улану қаупі бар.
Тамақтан уланудың алдын алу үшін оның ке-лесі негізгі шараларын білу және сақтау қажет:
– қауіпсіз тамақ таңдаңыздар! Рұқсат етілмеген сауда орындарынан тамақ өнімдерін сатып алу қауіпті. Жарамдылық мерзімін, қорабының бұзылмағандығын тексеріңіз;
– қоздырғыштарды өлтіру мақсатында тамақ өнімдерін таза пісіру керек. Көп шикі өнімдер, оның ішінде құс еті, ет және шикі сүт өнімдері ауру қоздырғыштарымен ластанған. Таза пісіру кезінде қоздырғыштар жойылады;
– ас бөлмесін таза ұстау;
– тамақты дайындағаннан кейін тез арада пайдалану. Неғұрлым ұзақ сақталса, соғұрлым тамақтан улану қаупі жоғары;
– тамақ өнімдерін дұрыс сақтаңыздар! Шикі және дайын тағамдарды бірге сақтауға болмайды;
– алдын ала дайындалған асты қатты ысыту қажет. Бұл – тамақты сақтау кезінде көбеюі мүмкін қоздырғыштардан сақтанудың ең дұрыс жолы;
– тамақ дайындау және ішер алдында, әжетханадан кейін қолдарыңызды тазалап жуыңыздар;
– дайындалған тамақты бөлме темперетурасында 2 сағаттан аса қалдырмаңыздар;
– тамақтан улану тудыратын ауру қоздырғыштарының тасымалдаушылары болып табылатын жәндіктерден, кеміргіштерден қорғайтын орындарда сақтаңыздар;
– таза суды пайдаланыңыздар! Тамақ дайындауға және ішуге тек таза су пайдалану өте маңызды. Егер судың сапасына күмәніңіз болса, қолдану алдында қайнатып жіберіңіз;
– көкөніс және жеміс-жидектерді пайдалану алдында қауіпті бактериялары болуы мүмкін топырақ қалдықтарынан тазарту үшін тазалап жуыңыздар;
– тамақ өнімдерін, әсіресе, үй жағдайында дайындалған консервілерді «қолдан» және рұқсат етілмеген сауда орындарынан сатып алмаңыздар!
Осы қарапайым ережелерді орындау тамақтан уланудың және өткір ішек жұқпасының алдын алады.
Л.БАПАНОВА,
Түркістан қалалық ТКҚСҚББ жетекші маманы.