НӘЗІР ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ МУЗЕЙДЕ БОЛДЫ

1  562 көрілім

Нәзір Төреқұлов жайында айтылғанда тұлғаның ел арасында танылуына еңбек сіңірген марқұм Ыбырай қажы Исмайыл есімі де еске түседі. Оның Нәзір қорының төрағасы болған кездерінде сіңірген еңбегі де ел есінде. Бүгінде «Нәзір Төреқұлов» халықаралық қайырымдылық қоры деп аталатын бұл қызметті Ұлттық ғылым академиясының кұрметті академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Әбдіжапар Сапарбаев атқарып келеді. Жуырда қор президенті музейге арнайы келіп, оның тыныс тіршілігімен танысты.

Қор президентіне музей меңгерушісі Бақытжан Жорабеков ұжымда атқарылып жатқан және алдағы уақытта жоспарланған игі жұмыстар жайында айтып өтті. Өз кезегінде қор президенті Ә.Сапарбаев музейдің дамуы жайында өз ойларын ортаға салып, бірқатар ұсыныстарын да назардан тыс қалдырмады.

«Нәзір музейі тұлға өмірі мен қызметінен сыр шертеді. Мұндағы әрбір жәдігер өзіндік сырға толы. Сондықтан да олар жайында насихат жұмыстарын жүргізу музей жұмысын ілгерілете түседі»,- деді қор президенті Ә.Сапарбаев.

Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы