- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Ақпарат саласында қажымай талмай не бір қиын кезеңдерді басынан өткізіп келе жатқан «Түркістан» газетінің шаңырақ көтергеніне тоқсан жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде газеттің бүгіні үшін табан ет, маңдай терін төккен, бойындарғы барын сарқа жұмсаған үздіктер саны қаншама. Олардың соңғы буындары бүгінде қажымай талмай қала халқы үшін қызмет етуде.
Атаулы мерейтойға орай қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, облыстық llО мен ҰҰ ардагерлері кеңесінің төраға орынбасары, «Бітімгер» қоғамдық бірлестігінің басшысы Бакытжан Бейсембаевтер газетіміздің ұжымын құттықтап және бірнеше қызметкерлерімізді марапаттаған еді.
Атаулы «Ардагерлер қозғалысына жасаған көмегі мен ықпалы үшін» естелік медальдарға газеттің директор- редакторы Мәлік Жұмаханұлын, қазақ бөлімінің меңгерушісі Қуаныш Тасыбаевты және өзбек бөлімінің меңгерушісі Райымжан Әлібаев лайық деп танылған болатын.
Бүгінге дейін атқарған еңбектерінің жеңісті жемісін көріп, лайықты марапат төрінен көрініп жатқан әріптестерімізді құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз. Бағындырар белестері мен алар асулары әлі де көп болсын. Сонымен бірге газетімізді мерейлі мерекесімен құттықтап, құрметін көрсетіп жатқан ізгі жандарға алғысымыз шексіз. Бәріміз табыс төрінен көріне берейік. Шежірелі тоқсан жыл құтты болсын.
«Түркістан» газетінің ұжымы.