«BОLASHAQ BOOKS» ЖОБАСЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

822 көрілім

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми кітапханасында «Bolashaq Books» жобасы аясындағы кітап сөресінің ресми ашылуы өтті.

Жиынға Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті Болатбек Абдрасилов, І-вице президент Ж.Томар, Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов, «Bolashaq» Қауымдастығының Атқарушы директоры Лаура Демесінова, «Tengri comics» комикстер баспасының негізін қалаушы Бекзат Мырзахметов және университет қызметкерлері мен белсенді студенттер қатысты.

«Bolashaq Books» жобасының негізгі мақсаты — кітаптарды кез-келген адамға уақытша пайдалануға беру үшін, қоғамдық кітап сөрелерін орнату арқылы кітап оқитын халықтың санын арттыру, кітап оқу мәдениетін насихаттау және азаматтардың білім деңгейін көтеру. «Bolashaq Books» әлеуметтік маңызы бар жобасы осы жылы өз ауқымын кеңейтуде, енді еліміздін барлық өңірлерінде, қоғамдық кітаптар желісі пайда болады, кем дегенде 20 сөре орнату жоспарланып отырғандығы жиын барысында айтылды.

Бұл жоба «Bolashaq» Қауымдастығы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен іске асырылады. Жиын соңында қонақтар авторға сұрақтар қойып, қолтаңбасы бар комиксті сыйға алды.

Ақберен АМАНГЕЛДІ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы