Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы – ол 2050 жылға дейін әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру бағытындағы бірыңғай мақсатымызға жету жолындағы Қазақстанның саяси, экономикалық және құқықтық түрленулерінің логикалық жалғасы және өзегі болып табылатын бағдарламалық мақала болып табылады.
Елбасы аталған мақаласында «Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек» деген болатын.
Осы бағытта Түркістан қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтсек. 2020 жылы қала әкімімен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жылдық жоспар жасалынды. «Туған жер» арнайы жобасының аясында «Тәрбие және білім», «Рухани қазына», «Атамекен», «Ақпарат толқыны» атты 4 кіші бағдарлама жалғасуда. «Тәрбие және білім» бағдарламасы бойынша жазушы Ілияс Есенберлинның туғанына 105 жылдығына орай «Мәңгілік ел алыбы» атты тақырыпта портреттік кеші өтсе, Қадыр Мырза Әлінің 85 жылдығына байланысты Түркістан орталық кітапханасында «Шалқытып шаттықпенен шапағатты Қадыр Мырза Әлі – 85 жыл» поэтикалық марафоны ұйымдастырлды. Марафонның мақсаты жастарды ақынның өнегелі өмірімен, шығармашылығымен таныстыру бағытында өрбіді. Қалалық мәдениет үйінде «Біз үшін тілімізді, әдебиетімізді танытқан ақын – жазушы Қадыр Мырза Әлі» атты шығармашылық кешпен жалғастын тапты. Сонымен қатар, журналист Т.Байтасовтың 65 жылдығына орай ұйымдастырылған «Оңтүстіктің өр оғланы» атты іс-шара өткізілді.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Абай жылының университеттегі салтанатты ашылу рәсімі сахналық қойылыммен басталып, «Қазақ руханиятының жарқын бейнесі – Абай!» деректі фильмі көпшілікке ұсынылды. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, «Абай – ұлт руханиятының шамшырағы» атты іс-шара ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты Абайдың рухани құндылықтарын көрсете отырып, Абайдың рухына тағзым етуге бағытталды. «Әбу Насыр әл-Фараби мен Абай – қазақтың рухани байлығы», «Ұлылар үндестігі» тақырыбында өткізілген қалалық семинарға қала мектептерінің тарих-география және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Бастауыш сынып оқушылары арасында «Абайдың табиғат лирикасы» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен академик Оразалы Сәбден «Абай ілімін іске асыру керек» тақырыбында жастарға дәріс оқыды. «Абай жолы» романын, оның ішінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының қазақ халқымен бірге өсу, өрлеу, даму, үстем тап өкілдерімен үздіксіз күрес жолын насихаттай отырып, ұлы ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау мақсатында «Абай – рухани әлемнің кеңістігі» атты әдеби жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Халық ауыз әдебиетінің аңыздардағы кейіпкерлер туралы олардың бойларындағы отан сүйгіш қаситтерін оқушылар бойына сіңіру, мақтаныш сезімдерін қалыптастыруға үндеді.
«Салт-сана, дәстүр-дәулет, ғұрып-ғұмыр» оқушыларға бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені, озық өнегелі дәстүрлерді, адамгершілік асыл қасиеттерді жастар бойына қалыптастыру болып табылады. Осы тұрғыда «Қазақтардың рухани әлемі Әл-Фарби және Абай» тақырыбында кітап және фото көрме қойылды. Қазақстандағы 100 жаңа тұлғалардың өмірі туралы өнер, спорт шеберлерінің жетістіктерін насихаттау арқылы оқушылардың бойында өз Отанына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру мақсатында ашық сабақтар өткізілді. Мектеп қабырғаларында қазақ тілін латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшіруін насихаттау бойынша ашық сабақтар ұйымдастырылды. «Құнды сыйлық архив 2025» тақырыбында мектеп кітапханаларында кітап өткізу акциясы арқылы кітаптың құнды сыйлық екендігін оқушыларға насихатталды Рухани жаңғыру аясында туған жер тарихын таныту арқылы танымдық ашық сабақтар өткізіліп, Ұлы есімдердің сүйіспеншілігі отанға деген мақтанышы насихатталды. Оқушылар арасында «Туған өлкем қандай көркем» атты сурет, «Түркістан түркі әлемінің бесігі» атты шығармалар байқауы өткізілді.
Түркістан қалалық орталық кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары «Сұлушаш» романы, «Балуан Шолақ» повесі, Қасымхан Бегмановтың «Этнографпен әңгіме» атты кітабын, ақын Оразақын Асқардың – туғанына 85 жыл толуына орай, онлайн #Библиопостжобасы, #Кітапоқыпүйдебол, #Абай_175_жыл, #Абай_оқулары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Абайдың 175 жылдығына және Абай күніне орай, «Ұлттық болмыстың үлгісі» тақырыбында онлайн-конференция өтті. Конференция барысында жастар Абай Құнанбайұлының ақындық өнері мен шығармашылығын дәріптеу мақсатында қара сөздері мен өлеңдерін оқыса, ақынның шығармашылығындағы табиғат лирикасын бейнелеп марапатқа ие болды.
Ал, «Рухани қазына» бағдарламасы аясында жас ұрпақты өткен тарих пен таныстыру мақсатында №21 мектеп оқушылары Н.Төреқұлов музейіне экскурсия жасаса, Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойы қарсаңында білім ұяларында жаңаша бағытта «Ұлы даланың жеті қыры» атты лекция-көрме өткізілді. «Әдеби өлкетану жобасын іске асыру» мақсатында білім ошақтарында өлкетану сабақтары ұйымдасытырлды. Әдеби өлкетануды зерттеу арқылы Түркістан өңірі ақын-жазушыларының әдеби-шығармашылық мұрасы айқындалып, ХХ ғасыр мен ХХІ ғасыр басында жарияланған поэзия, проза, драматургия, т.б. шығармалар әдеби-ғылыми тұрғыдан сарапталды. «Ұлы даланың көне сарындары» көне сарындар өз қалпын өзгертпей ұрпақтан-ұрпаққа аудиотаспа, нота арқылы құндылығын дәріптеу және жеткізу болып табылады. «Әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық, Алтын Ордаға 750 жылдық мерейтойы» тақырыбында кітап және фото көрме қойылса, М.Мақатаевтың туған күніне орай мәдениет үйінде «Қазақ жырының Хантәңірі» атты ән-жыр кеші өтті. Мәдениет үйінде «Жас толқын – 2020» аймақтық әншілер байқауына 14 үміткер қатысып, 8 жүлдегер қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері «Ясауи кесенесіндегі эпиграфика» атты онлайн-лекция, «Ер қаруы – бес қару» тақырыбында онлайн-көрме, осы музейде виртуалды 3D турының таныстырылымы, Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған музей қызметкерлерінің арасында онлайн «Абай оқулары» өткізілді.
Әлеуметтік желі оқырмандарына онлайн «Қ.А.Ясауи кесенесіне экскурсия», төрт қақпалы Түркістан «Жеті ата» қақпасы жайлы тарихи-танымды деректерге толы видеоэкскурсия, «Үкаша ата кесенесіне сапар», «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіндегі тарихи ескерткіштердің бірі ортағасырлық «Шығыс моншасы», «Гаухар ана» кесенесі жайлы видеоэкскурсия ұйымдастырылды. «Ясауи мұрасы» онлайн-кездесу, «Қасиетті шаһар – балалар көзімен» атты онлайн көрме, «Ұлттық өнердің ұлықпаны – Ө.Жәнібеков» онлайн-лекция өткізілді. Қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен әлеуметтік желі оқырмандарына Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ Әл – Фарабидің 1150 жылдығына орай «Шұғыла» мәдени қойылымы, ұлттық домбыра күніне орай, «Қазағымның қазынасы – домбыра» онлайн-көрмесі, «Домбыра – ұлттық мұрамыз ” концерттік онлайн шарасы ұсынылды. «Туған жер» бағдарламасы аясында жастарды Түркістан қаласының тарихи-мәдени ерекше жерлерін таныстыру мақсатында «Өлкетану» жобасы қаламыздың жастарымен ұйымдастырылып өткізілді.
«Атамекен» бағдарламасы бойынша «Aсар» еріктілер ұйымының мүшелері «Еріктілер жылын» игі іспен бастағанды жөн санап, еріктілер Кентау қаласына қарасты Жүйнек ауылындағы Ордабасы көшесіне 200-ге жуық көшет отырғызды. С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінде кәсіпкерлердің оқушылармен «Мамандық әлемі» атты кездесуі ұйымдастырылды. Мектеп оқушыларына «Кәсіптік білім беру және бизнес» ежелгі өнерді дәріптеуге баулу құнды технологиялар музейіне саяхат сабақтар өткізілді. Қаладағы Ғ.Мұратбаев атындағы №5 жалпы орта мектебінде «Алтын ұям жобасы» атты іс-шарасында мектептің 1985 жылы туған түлектері бастап өз арасында қалыптасқан дәстүр бойынша наурыз мерекесін атап өтуге арнап жинаған қаражаттарын игілікті іске жұмсады. Жалпы құны 1 миллион теңгеге арнайы алынған ет, картоп, май, күріш, шай, макарон, қант, ұн өнімдері 40 отбасыға үлестіріліп берілді. Түлектермен қатар, Ғ.Мұратбаев атындағы №5 жалпы орта мектебінің ұжымы да акцияны жалғастырып, мектеп оқушыларының қашықтықтан оқытылуына орай көптеген байланысқа шыға алмай отырған 12 балаға смартфондар мен байланыс құралдарын алып берді.
Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты республика көлемінде #BizBirgemiz акциясы аясында демеушілер тарапынан індеттің алдын алу бойынша арнайы қорға қомақты қаражат аударғандардың бірі «Қайып ата» ЖШС-нің директоры Сырым Ертаев 10 млн. теңге бөліп, жомарттық танытты. Түркістандық іскер әйелдер #BizBirgemiz акциясында үлес қосып, 25 аз қамтылған, көпбалалы, мүкіндігі шектеулі отбасылар мен жалғызбасты аналарға медициналық маскалар мен азық-түлік таратты. Нәзік жандылар Түркістан қаласымен қатар, Отырар ауданы мен Құмтүйін елді-мекені тұрғындарының шарапатына бөленді. Қауымдастық мүшелерімен қолға алынған игілікті іске ерікті жастар қолғабыс жасаса, акцияға партия мүшелері мұрындық болды. Бұдан бөлек, қалалық ішкі саясат бөлімі, жастар ресурстық орталығы және «Асар» ерікті жастардың бастамасымен тегін медициналық бетперделер мен үнпарақшалар халық көп шоғырланатын орындарда таратты.
«Біз біргеміз!» деп ұрандатқан топтың бірі – Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаттың» ұжымы. Бұл білім шаңырағы осы мектепте тәрбиеленіп жатқан бір отбасының үш баласына қайырымдылық көрсетіп, жомарттық танытты. Арнат пен Ернат егіздер. Олар Айгүл Тілепова басқаратын мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері. Әлеуметтік жағдайы аз қамтамасыз етілген бұл отбасының жай-күйіне Айгүл Өтегенқызы бей-жай қарамай, ұжым болып, көмек көрсетуге ниет білдіріп, ұжым құрылыс заттары мен үйге қажетті төсеніш пен көрпе-жастықтарын алып, төрт бөлмелі үйді жөндеп берді. Алдымен төбесін ауыстырып, қабырғаларын сылап, бүгінгі заманға сай үлгімен әрледі. Мектеп-интернаттың қызметкерлері құрылыс жұмысымен шектеліп қалмай, осы отбасын азық-түлікпен қамтып, қолдан келген көмектерін көрсетіп көпшілікке үлгі болды. Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, Түркістан локомотив пайдалану депосы, қалалық ардагерлер ұйымы мен ішкі саясат бөлімі Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тылдағы еңбеккерлердің үйлеріне барып, оларға құрмет көрсетті.
«Ақпарат толқыны» бағдарламасын жүзеге асыруда қазақстандықтардың «Рухани жаңғырудың» негізгі идеологиясын дұрыс қабылдауына ықпал ету. Осы мақсатта Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінің мәжіліс залында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 2019 жылдың атқарылған жұмыстары бойынша брифинг өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша арнайы медиа-жоспар түзілген, медиа-жоспарға сәйкес материалдар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жарық көріп келеді. Осы медиа-жоспар бойынша жергелікті баспасөз басылымдарында яғни «Түркістан» және «Туркистон» газеті және газеттің арнайы сайтында www.yassy-tur.kz, «Ұстаз», «Тұран-ақпарат», «Ясауи мұрасы», «Аймақ», «Ясауи университеті» газеті және жергілікті «Тұран-Түркістан» телеарнасында «Рухани жаңғыру» логотипінде айдарлар мен тақырыптық беттер үйлестіріліп материалдар тұрақты жарияланып келеді.
Бақытжан БУКЕБАЕВ,
Қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы.
