ҚИЫРДЫ ШОЛА БІЛЕТІН АЗАМАТ

805 көрілім

Елбасының бастамасымен халық қолдауына ие болған праймериз яғни, «Nur Otan» партиясы ішіндегі сайлауы қарқынды жүріп жатыр. Аталған сайлау өңірлердегі білікті жастарға мүмкіндік екені белгілі. Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрікті анықтайтын бұл бәйге дараларды саралайтыны ақиқат. Тілге тиек еткелі отырғаным осы бір үздіктер анықталған додада жеңіске жетуі тиіс болған кейіпкер хақында. Шындығы сол міндетті түрде лайық деп танылуы керек жан.

Енді бір отты тілмен айтқанда бесенеден белгілі болған, өскен жері де, алғаш қауашақ жарып, өнім берген жері де Түркістан болған Мәлік Дәулетов. Арманы асқақ, ниеті дұрыс, жаны кіршіксіз таза ақ еділ адамдар жасаған ортада есейіп-ержеткен ол бір жағынан өзі бір тал тасына дейін таныс өңір жағдайын, енді бір қырынан мұндағы қоғамдық қайшылықтар легін, өзі көзімен көріп келе жатқан тұрғындардың әлеуметтік жағдайын нақты біледі. Сөйтіп, қоғамдық әлеуметтік мәселелер жөніндегі танымын айқындай түсіп, саналы түрде оң шешімін табуға бағыттайды.

Былайша ақылды, білімді, өнерлі адамның қашанда ұстамды, ойы терең, көңілі кең шығысымды болатынын ескерсек Дәулетов мүмкіндігі тіпті де көп иірімді болмақ. Нақтылап айтқанда шығармашылық (қаламды серік еткен журналистік қыры тұрғысынан) тұлға ретінде өзі қанық білетін тұрғындар тұрмысындағы шешімін табуы керек болған мәселелерді саралай білетіндігі. Сол арқылы арқасында ауыр жүк, мойынында жауапкершілігі күшті міндет барлығын шынайы да терең сезіне алатындығы. Ақыр соңында билік пен халық арасындағы байланысты бір-бірімен қарама-қарысы етіп емес, ниеттес, тілектестік бағытта шеше алатын іскерлігі бар екендігін шынайы ескерген оңды болмақ.

Қашанда жасампаздық пен жаңалыққа жақын жастар еңбегін бағалауды мақсат еткен праймериз жобасының бағындырар шыңы белгілі. Еліне шынайы жанашыр білілмділердің, елгезек дарынын, дара қарымын халқының игілік жолына арнауына мүмкіндік беру. Бұл тұрғы да жан кешті еңбек ете білетін Мәлік Жұмаханұлы қай жерде болмасын қисынын қуып, ылғи да қиырды шолуды мақсат ететініне сенімдімін. Осы бір істе жеңіске жетудің өзі де оңай болмасына қарамастан, жанын салып жалықпай еңбек етер азамат екенін еске салғым келеді.

Айтпақшы ойымыздың алтын арқауы болған үздік үміткердің киелі шаһар үшін маңызын шамаша айттық. Ал ойлы қауым осыған дейін бағдарламамен толықтай  таныс  болды деп үміттенеміз. Бәріңізге белгілісі тағы сол сөз, тағы сол ой. Дәулетов бағдарламасы әрбір Түркістандық азаматтың өзіне  тиеселі мүмкіндікті толық пайдалануына бағытталған. Қортыа айтқанда өскелең үмітпен, алғабасарлық рухпен айтылған ізгі бастама, игі тілектің күндердің бірі шындыққа айналарына сенсек, барша Түркістандықтар үшін праймериз жеңімпазы ретінде Мәлік Даулетовты лайық деп тану орынды болмақ. Аталастың аты озғанша, Ауылдастың тайы озсын деп әділ бағасын берейік.  Іске сәт, сапар оң болсын. Ақырғы талғам мен қалу өз қолдарыңызда барша қауым.

Үмітбек БАҒДАТ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы